«Тендершіге» сеніп, ақшасынан айырылды
«Тендершіге» сеніп, ақшасынан айырылды
113
оқылды

Тендерлердің ашық, жария өтпеуі оны жем­қорлардың жемсауына айналдырды. Сонымен бірге алаяқтар да сол арқылы баюға тырысуда. Биз­не­с­мендер болса, «бармақ басты, көз қысты» жолмен мем­­лекеттік сатып алуларда ұтуға болады деп сенеді. Мысалы, Қызылорда қа­ласында әлдебір адам «Кәсіпкерлерді қолдау ор­талығындағы конкурста көмектесемін» деп екі кәсіпкердің қаражатын жым­­­қырған.

Оған сенген бизнесмендер делдалдығы үшін алаяққа 1 миллион 200 мың теңге ақша­­ларын санап берген. Тек ол адам сөзінде тұрмағанда ғана, ал­данғандарын түсінген. Сөйтіп, Қызылорда қаласының По­лиция басқармасына екі кәсіп­керден бірдей мазмұндағы арыз түсіп отыр. «Олар арыздарында бір аза­маттың 2020 жылдың қыр­күйек айында Кәсіпкерлерді қолдау орталығындағы кон­курсқа қа­тысуға рұқсат алып беру үшін олардың әр­қай­сысынан 600 000 теңге ал­ғаны көрсетілген. По­лиция қыз­меткерлері өт­кізген же­дел-іздестіру жұ­мыс­тарының нәти­жесінде осы қыл­мысты жа­саған және бұрын сотталған 34 жас­тағы азамат анықталып, ұс­талды. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды», – деп хабарлады жергілікті поли­ция. Қазір күдікті тергеу изо­ля­торында қамауда отыр. Атал­ған де­рек бойынша Қыл­мыстық ко­декстің 190-бабының 1,3-бө­лік­терімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүр­­гізіліп жатыр.

Ерік ЕРДЕНОВ