Өнерлі жандарға қолдау бөлек
Өнерлі жандарға қолдау бөлек
120
оқылды

Ақтөбе қаласындағы саңыраулар қоғамының өнерпаздары шектеу шараларын сақтай отырып, көрерменіне ән-би кешін ұсын­ды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерін «Nur Otan» пар­тиясы қолдады.

Өнерпаздар әуенін естімесе де, әннің сөзін жүрекпен сезіп, мән-мағынасын өзгертпестен өнерсүйер қауымға тарту етіп, халық әндері мен эстрадалық туындыларды нақышына келтіре орындады. Олардың басым бөлігі – республикалық, халықа­ралық байқаудың лауреаттары. – Мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуды және кедергісіз орта құруды көздейтін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асырып келеміз. Өнерлі жандарға қолдау білдіру – біздің парызымыз. Осы кеште жастардың бойынан сахна мен көрерменге деген сағы­нышын сездік, – деген облыстық мә­слихат депутаты Берік Көздіғарин «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасы атынан ұжымға алғысхат табыстады. Өзі демеушілік жасап, соңғы үлгідегі сандық фото­ап­парат сыйлады.

Әбілмансұр ЖАСАН