Қазақстан мыс кен орнын сатып, Мысырға бөтелкемен су таситын болды
Қазақстан мыс кен орнын сатып, Мысырға бөтелкемен су таситын болды
5,176
оқылды

Kazakh Invest компаниясының хабарлауынша, Мысыр Қазақстандағы мыс кен орнын сатып алады.

Биыл 5-7 ақпанда Египетте Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форумы өтті, – деп жазады inbusiness.kz. Оған Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарик әл-Уасими, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы, генерал Халед Фуда, Мысыр сауда палаталары федерациясының басшысы Ибрахим әл-Араби қатысты.

Сонымен қатар қазақстандық делегацияның құрамында 60-тан аса отандық компания мен мемлекеттік және квазимемлекеттік орган өкілдері, ал Мысыр тарапынан 200-ден аса бизнес өкілі болды.

[caption id="attachment_109650" align="aligncenter" width="824"]Мысыр, мыс Фото: Дереккөзден алынды[/caption] Форумда Қазақстан мен Мысыр компаниялары өзара экономикалық құжатқа қол қойды.

«Қазақстандық компаниялар Мысыр нарығына 1 млн дана бөтелкедегі суды жеткізу (болашақта оның көлемі 3 миллионға дейін жетуі мүмкін), отандық кәсіпорын негізінде фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді шығару, Қазақстан аумағында мыс кен орнын сатып алу туралы уағдаласты» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Қазмырыш», «Қазақмыс», «Арселор Миттал» отандық өнімді сатып алмайтынын айтқан болатын.