Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толған туған күнін Қарттар үйінде атап өтті
Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толған туған күнін Қарттар үйінде атап өтті
120
оқылды

Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасқа толғандығын атап өтті. Ол Фукуока қаласында қарттар үйінде тұрады, – деп хабарлайды «Токио симбун» басылымына сілтеме жасап «Қазақпарат».

Ол туған күнінде ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын, құттықтау хаты мен торт берді. Тәттіден дәм татқан туған күн «Өте дәмді», – деді жапондық кейуана.

Айта кетейік, Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. Былтыр наурызда Жер бетіндегі ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.