Түркістанда жолақы қымбаттады
Түркістанда жолақы қымбаттады
211
оқылды

Биылдан бастап Түркістан қаласында жолақы қымбаттады, – деп хабарлайды 24.kz.

Былтыр қоғамдық көліктердегі билет құны 50 теңге болса, енді тұрғындар 70 теңге төлеуге мәжбүр.

Бұл шешім қалалық мәслихат мақұлдап, шаһар басшысының қаулысымен бекітілді. Қаладағы бірден-бір жолаушы тасымалдаушы серіктестік соңғы екі жылда тұрақты 50 теңгемен қызмет көрсетіп келген.

Бірақ осы аралықта жанар-жағармай бағасы 94 пайызға өсіп, көліктің қосалқы бөлшектері де қымбаттаған. Тасымалдаушы мекеме бүгінге дейін 26 жаңа автобус сатып алған. Қала әкімінің талабы бойынша тасымалдаушы мекеме жыл соңына дейін автобустарды 100 пайыз жаңартады. Ардагерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар, студенттерге және мектеп оқушыларына жеңілдіктер жасауы тиіс.

Осы талаптар орындалмаса, келісімшарт күшін жояды.  Қала әкімінің орынбасары Жандос Баирханов: «Талаптар қойдық, қазір соған сәйкес келісімшартқа түзетулер енгізілді. Әр пункт бойынша өзінің уақыты бар. Мысалы, 2020 жылдың соңына дейін барлық автобустар жаңартылуы тиіс. Сол талаптар мен бектіліген графиктердің орындалуын қадағалаймыз. Егерде тасымалдаушы тарапынан келісімшарттың талаптары орындалмаса, біз келісімшартты бұзамыз.