«Қара» кортеж: 15 көлік үзіліссіз жүруі үшін жолды жапқан жүргізуші халықтан кешірім сұрады (видео)
«Қара» кортеж: 15 көлік үзіліссіз жүруі үшін жолды жапқан жүргізуші халықтан кешірім сұрады (видео)
5,355
оқылды
Нұр-Сұлтанда «қара» кортежбен жүрген жүргізушілердің бірі өз әрекеті үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады. KIA маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі өз әрекетіне өкінетініне және жауапкершілікті мойнымен көтеретінін айтты.   Осыған дейін, Нұр-Сұлтанда «қара» кортеж мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды. «5 қаңтарда Instagram желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегінің видеосы пайда болды. Онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі «Хан Шатырдың»тұрағынан 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында Тұран даңғылының бір бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортежге қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдады», — деді елордалық полиция департаменті баспасөз қызметі. 15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. «KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрын да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және «Сергек» камералары да түсірген» делінген хабарламада. Полиция кортежде жүрген автокөліктердің барлығы айып тұрағына қойылған.