Қазақстан кәсіпкерлікті қолдауға шамамен 50 млрд теңге жұмсайды
Қазақстан кәсіпкерлікті қолдауға шамамен 50 млрд теңге жұмсайды
175
оқылды
2017-2021 жылдар аралығындағы шығындар 220,3 млрд теңгені құрайды. Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстары 49,7 млрд теңгеден асады, – деп хабарлайды LS. Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес, 2017 – 2021 жылдар аралығындағы шығындар 220,3 млрд теңге көлемінде. Оның 124,1 млрд теңгесі (2019 жылы 56,7 млрд) соңғы үш жылда жұмсалған. Сонымен биыл 49,7 млрд теңгенің ең көп сомасы (37,9 млрд) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Сондай-ақ, республика облыстары мен қалаларының бюджетін несиелеуге – 9,3 млрд теңге қарастырылған. Кәсіпкерлік саласындағы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға тағы 153,6 млн теңге бекітіліп отыр.