Арман Оспанов пен Расул Мирзаев жекпе-жекке шығады
Арман Оспанов пен Расул Мирзаев жекпе-жекке шығады
139
оқылды

Қазақстандық Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен жұдырықтасады. Бұл туралы Аbsolute Championship Akhmat (ACA) промоушен ресми түрде жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч 6 наурызда Алматы қаласында ACA 105 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылдың 10 қарашасында Мәскеуде кездесу өткізу керек болатын, алайда, қазақстандық жарақатына байланысты өнер көрсете алмады.

Sherdog статистикасына сәйкес, 30 жастағы Оспанов үш рет жеңіліп, 9 рет жеңіске жеткен, ал 33 жастағы Мирзаев 18 жекпе-жекте жеңіске жеткен, екі жеңілісі бар. Мирзаев ММА ережелеріне сәйкес қазақстандық Ержан Естановпен екі рет жұдырықтасқан.

Ал, Оспанов қыркүйек айындағы соңғы матчта ресейлік Алексей Полпудниковтан нокаутпен ұтылды. Олар үшінші рет кездесті – жалпы есеп 2-1 болатын трилогияны Полпудников жеңіп алды.