Мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары электронды еңбек биржасында орналастырылады
Мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары электронды еңбек биржасында орналастырылады
220
оқылды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметкерлері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындарын enbek.kz порталында автоматты түрде орналастыруды қамтамасыз ететін функция әзірлеп шықты. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бос жұмыс орнына қызығушылық танытқандар электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеттері арқылы көре алады. Бұл жағдайда сізге   диплом, еңбек кітабы және т.б. мәліметтерді көрсету керек. Конкурстық комиссия өтінішіңізді қарағаннан кейін сіздің жеке кабинетіңізге   бас тарту немесе жұмысқа орналасу туралы қорытынды хаттаманың шешімі келеді», – дейді Орталықтың Интернет-ресурстар департаментінің директоры Николай Брюханов.

Бұл мүмкіндік электронды еңбек биржасы бағдарламасына үміткерлер үшін ұйымдастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін, яғни осы жылдың бірінші тоқсанында қолжетімді болады.