Нұрлан Қоянбаевтың Түркияға көшіп кеткені рас па?
Нұрлан Қоянбаевтың Түркияға көшіп кеткені рас па?
156
оқылды

КВН-ші, кинопродюссер Нұрлан Қоянбаев өзінің көшіп кеткеніне алаңдаушылық танытқан жанкүйерлерін сабырға шақырды. Кинопродюсер Instagram парақшасында ешқайда қоныс аудармағанын айтып, шетелде жұмыс бабымен жүргенін жеткізді.

– Алып-қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Сондықтан ашығын айтайын, Түркияға көшкен жоқпын. Ол жақта  төрт-бес ай жүріп, екі кино түсіріп жатырмыз. Түркия телевизиясына бір-екі шоу жасаудамыз. Неге екенін білмеймін, бірақ мені барлық жерде қолдай бермейді. Сондықтан Мәскеуден, Стамбұлдан жоба іздеймін. Жақында Сеулде үлкен жоба бастамақпыз.  Сол себепті, қолдан келгенше үйде жата бермейін деп, сыртқа шығып жұмыс істеп жүргенім ғой. Өзім Алматыдан, Қазақстаннан, Шиеліден алыс кете алмаймын. Шетелде бір-екі ай жүрсем, елімді қатты сағынамын. Әзірге өзге елде қалу ойда жоқ, – деді Нұрлан Қоянбаев.