Өткен жылға өкпе жоқ
Өткен жылға өкпе жоқ
234
оқылды

Айтып-айтпай не керек, доңыз жылы әлемде балалардың өлімі аз тіркелді. Сонымен бірге күн сайын таза суға қарық болғандар 200 мың, электр энергияға қол жеткізушілер 325 мың, ал интернет мүмкіндігіне ие болған бақыттылар саны 600 мың әлем тұрғынына артып отырды. Әлем халқының үлкендер арасындағы сауаттылар саны 90 пайызға жетсе, ауыр сырқаттар да едәуір азайған.

Еуропа ғалым­дары жерден 50 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан күн­нен 6,5 миллиард есе ауыр Қара құрдымды фотоға түсі­ріп сенсация жасады. Ғалым­дар бұл нысанның бар екенін болжағанымен, бұған дейін анықтай алмай келген еді. Мамандардың айтуынша, ең ірі қара тесік әзірше «ұйқы­да жатыр», сондықтан да ол көр­шілес нысандарды әзірше жұтып алмайды. Оның айнала­сында жұлдыздар қазір емін-ер­кін жүр. Дегенмен ол кез кел­ген уақытта «оянуы» мүм­кін. Бұған дейін ғалымдар гравитациялық тол­қынның тіркелгенін хабар­ла­ған еді. Ол екі қара тесіктің соқты­ғысуынан пайда болады. Бұл құбылыс әлемде қара тесік­тің бар екенін дәлелдейді.