Үздіктер «Құлагер» сыйлығын алды
Үздіктер «Құлагер» сыйлығын алды
306
оқылды

Алматыда ұлттық «Құ­­ла­­гер-2019» кине­ма­­то­­­­гра­фиялық жүл­де­­­сі та­быс­талды. Дәс­түрлі түр­­де жыл сайын өтетін мә­дени іс-шараны Қа­зақс­тан кине­ма­то­гра­фистер одағы ұйым­­дас­тырып отыр.

Қазақстан Киногерлер одағы­ның төрағасы Ермек Тұрсынов «Құлагер-2019» сый­­лығының басты марапаты – «Үздік фильм» жүлдесін «Тұлғалық өсу тре­нин­гі» кар­ти­насы үшін Фар­хат Шәріповке табыс­тады. Мара­пат­талған жас режиссер 10 жыл бұрын «Қыз­ғылт қоян туралы ертегі» филь­мі үшін «Құлагер» жүл­де­сін алғаны туралы еске алып, Ки­но­герлер одағына алғы­­сын біл­дірді. Айта кетсек, «Тұлғалық өсу тренингі» фильмінде бас­­ты рөл­ді сомдаған актер Ержан Түсі­пов «Үздік актер» жүл­десіне ие болды. Ал «Үздік актри­­са» сый­лығы Ару­жан Жазылбековаға бұйыр­ды.

«Үздік режиссер» сыйлығы биыл Әділхан Ержановқа табыс­талды. Естеріңізге сала кетсек, осы фильм үшін отан­дық ре­жис­сер халықаралық бел­ді кино­жүл­­десі – Asia Pacific Screen Awards-2019 сыйлығын алған бола­тын.

Сонымен қатар «Құла­гер-2019» кино­жүл­десімен Тас­­бо­лат Мерекенов (үздік про­­дюсер, «Жақ­сылық» филь­мі), Николай Раисов (үздік сцена­рий, «60 дней войны» деректі фильмі), Алек­сандр Рубанов (үздік оператор, «Бүркітші» және «Адай жылқысы» деректі фильмі үшін), режиссер Нұр­гель­ді Садығұлов (үздік дебют, «Балуан Шолақ» фильмі), қоюшы суретші Владимир Арыс­кин (қа­зақ киносының дамуына қос­қан үлесі үшін) марапатталды.

«Үздік деректі фильм» но­ми­­­на­циясы бойынша «Серке Қо­­жам­құлов» деректі фильмі же­­ңіс­ке жетті. Туындының ре­жис­­сері – Алексей Каменский. Ал «Үздік анимациялық фи­льм» сый­­лығы Қазақстан Ки­­­но­герлер ода­ғы шешімі бо­йын­­­ша режиссер Адай Әбіл­ди­­новтың «Күлтегін» фильміне табыс­­талды.

Отыз жыл бұрын жарыққа шыққан «Ине» фильмінің ре­жис­сері Рашид Нұғы­манов­қа «Аңыз­­ға айналған фильм» жүл­десі табысталды. «Бұл – өз елімде алып жатқан менің алғаш­қы жүл­дем», – деді ре­­жиссер марапаттау сал­­тана­тын­да.

Сондай-ақ «Құлагер» сый­лы­­ғын Ренат Ғайсин (Үздік компо­зи­тор, «Томирис» картинасы үшін), Жайдарбек Күнғожинов (Үздік каскадер), Олег Борецкий (Үздік кино­сыншы) алды. Есте­рі­ңізге сала кетсек, ұлттық кине­ма­тография саласының сапа­лы даму дең­гейін бағалау мақсатында Қа­зақ­стан Киногерлер одағы ұйым­дас­ты­руы­мен табыстала­тын «Құлагер» ұлттық кине­ма­то­гра­фия­лық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі.