COVID-19: Атырау  облысы «жасыл» аймаққа енді
COVID-19: Атырау  облысы «жасыл» аймаққа енді
143
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы әлі де «қызыл» аймақта. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Бұған дейін осы облыстармен қатар тұрған Атырау өңірі «жасыл» аймаққа енді. Қалған өңірдің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.