«Қақтығыстардан ең көп зардап шегетін – қарапайым халық» — БҰҰ Бас хатшысы геосаяси жағдай туралы
«Қақтығыстардан ең көп зардап шегетін – қарапайым халық» — БҰҰ Бас хатшысы геосаяси жағдай туралы
128
оқылды

БҰҰ Бас хатшысы геосаяси шиеленіс осы ғасырда шегіне жеткендіктен, эскалацияны тоқтатуға шақырды, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» БҰҰ-ның сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш дүйсенбі күні геосаяси шиеленіс эскалациясын төмендетуге шақырды.

«Жаңа жыл абыр-сабырдан басталды. Біз қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті, ядролық қарусыздандырудың да өзінен-өзі қажеттілігі болмай барады» дей келе, ол Иракта Касем Сулейманидің өлтірілгеніне тоқталды.

Жексенбі күні Иран АҚШ-тан кек алатынын хабарлаған болатын, сонымен қатар 2015 жылдан бергі ядролық бағдарламаға қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Ол сондай-ақ Гутерриш Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарға жариялаған моратирийден бас тартпақ шешіміне де алаңдаушылық білдірді. Гутерриш Нью-Йорктегі БҰҰ орталық кеңсесінде журналистерге көптеген мемлекет салдары болжауға да келмейтін шешімдер қабылдап жатқанын айтты.

Сауда және технологиялық шиеленістер де әлемдік нарыққа кері әсер етіп, теңсіздікті ұлғайтып жатқанын айтты.

«Эскалацияны тоқтатыңыздар. Сабырлық танытып, диалогқа келіңіздер. Халықаралық келісімді қайта жандандырыңыздар. Ең көп зардап шегетін - қарапайым халық. Біздің ортақ міндет - бұған жол бермеу»,— деді Антониу Гуттериш.