Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді
Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасын жеңді
5,115
оқылды

Путинцева WTA рейтингінде 32-орында тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен қаласында WTA сериясының турнирінде әлемнің 20-ракеткасын жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалда қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасы хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, жеңімпаз атанды. Есеп 6:3, 3:6, 7:5.

Осылайша қазақстандық спортшы жарыстың 1/8 финалына өтті. Оның келесі айналымдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады. 

Айта кетейік, Путинцева WTA рейтингінде 32-орында тұр.