Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
156
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Шэньчжэнь WTA турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемнің 36-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 50-орында тұрған қытайлық Ван Яфаньмен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түскен. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай алды. Есеп 5:4 болғанда, қарсыласының брейк жасауына жол бермей, өз мүмкіндігін пайдалана білді – 6:4.

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 17-інші, осы турнирдің 3-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен таласады.