Алақанның температурасы мен ондағы сызықтар сырқатыңызды анықтайтынын білесіз бе? Бұл жөнінде oinet.kz жазды.
– Қолыңыз үнемі суық күйінде жүрсе, онда қанның таралуында өзгерістер орын алып, ағзаңыздағы қышқылдар төмендеген. Мұны байқасаңыз тез арада дәрумені мол тағамдарды жегеніңіз дұрыс.
– Керісінше, қолыңыз ысып, алақаныңыз от болып жанып тұрса – бауыр қызметін дұрыс атқара алмай жатқаны.
– Ал, алақаныңыз терлеп, суланып жүрсе – қалқанша безінде ақау бар деген сөз.
– Қолыңыздың терісі құрғап, әрі қуқыл тартса – онда уақыт өткізбей дәрігерге көрініңіз.
– Егер, алақаныңыз сарғыш болса – бауыр мен өт жолында өзгерістер болып жатыр.
– Алақаныңыз қызарып жүрсе – бауырыңыз ауырады.
– Ал, қоңырлау болса – өт қабынғанның белгісі.
– Шынашақтарыңыз жансызданып, жиі ұйыса – жүрек-қан тамырларының сыр бере бастағаны.
– Бас бармағыңыздың шынашағы ұйыса – тыныс алу жолдарына суық тиген.
– Саусағыңыздың басы қарақошқыл түске енсе – асқазан ауырып бастағаны.
– Саусақ ұштарындағы ақ дақтар – гемоглобин төмен екенінен хабар береді.
– Саусағыңыздан қызыл түс байқасаңыз – бүйрек пен бауырды узиге түсіріп, тексерткеніңіз дұрыс.
– Егер, оң қолыңыздағы сұқ саусағыңыздың екі жаны қышыса – тоқ ішегіңізде ақау бар болғаны.
– Саусақ буындарын жиі сықырлатсаңыз – ағзаңызда кальций жетіспейді.