Смартфон баланың дамуын тежейтінін білесіз бе?
Смартфон баланың дамуын тежейтінін білесіз бе?

Телефон баланың көру қабілетін нашарлатып, биологиялық дамуын тежейді. Бұл туралы ресейлік дәрігер Александр Мясников Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

«Смартфон қолдану баланың көру қабілетінің нашарлауына, гормонның өндірілмеуіне, ұйқы жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Меніңше, мұның бәрі бойдың өсуін де тежейді. Сондай-ақ дене бітіміне әсер етеді, себебі телефонды ұстап отырған кезде мойын алға қарай созылады, көз сығыраяды. Баланың биологиялық дамуы тұрғысынан алғанда смартфонды пайдалану зиянды», – дейді дәрігер.

Айтуынша, балалардың смартфонды қолдануына шектеу қою керек, алайда бұл оңай болмайды. «Біз 18 жасқа дейін балаға ішімдік ішуге, темекі тартуға тыйым саламыз. Дәл солай смартфонға да шектеу қою керек. Адам өскенше смартфонды аз қолданғаны жөн», – дейді Александр Мясников.