Жоғарғы сот судьясы пара алу кезінде ұсталды
Жоғарғы сот судьясы пара алу кезінде ұсталды
145
оқылды

Елордада ірі көлемде пара алған Жоғарғы сот судьясы ұсталды.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы сот судьясы ұсталды», – делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды. Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.