Юлия Галышева жеңімпаз атанды
Юлия Галышева жеңімпаз атанды
145
оқылды

Дир-Вэллиде (АҚШ) фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы аталған жарыста алғашқы алтынына қол жеткізді.

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева әйелдер арасында үз­дік атанды. АҚШ өкілі Авиталь Кэрол екінші болса, оның отан­дасы Элизабет Лэми үздік үштік­ті қорытындылады. Қазақстан құ­рама­сының өкілі Аяулым Әм­ре­нова 15-ші, Анастасия Городко 41-орындардан көрінді. Ал ерлер арасындағы бәсекеде АҚШ спортшылары жүлдені өзара бөлісті. Джоэл Хедрик көш бастаса, Коул Макдональд күміске, Алекс Льюис қола медальге қол жет­кізді. Қазақстандық Павел Кол­маков жетінші, Сергей Ро­манов 15-ші және Антон Бон­жарев 20-орындарға тұрақтады.

Исмаил ҚУАНЫШ