Қытай он жылда Орталық Азиядан 300 млрд текше метрдей газ импорттады
Қытай он жылда Орталық Азиядан 300 млрд текше метрдей газ импорттады
123
оқылды

2009 жылы «Орталық Азия – Қытай» газ құбыры пайдалануға берілген сәттен бастап, Бейжің бұл аймақтан 294,6 миллиард текше метр табиғи газды импорттады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі PetroChina West Pipeline Company компаниясына сілтеме жасап хабарлады.

Тек 2019 жылдың өзінде Қытай Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстаннан, жалпы алғанда, 47,9 млрд текше метрден астам отынның осы түрін алды (оның көп бөлігін Ашхабад экспорттады). Орта Азияның жеткізілімі ҚХР-дағы 27 провинциялық әкімшілік бөлімшелерде және Гонконг арнайы әкімшілік аймағында 500 миллионнан астам адамға газ жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл құбыр Қытайдағы алғашқы трансұлттық газ құбыры болды, оның ұзындығы 1833 км және жобалық қуаты жылына 60 млрд текше метр. Құбыр Түрікменстан мен Өзбекстанның шекарасынан басталып, Өзбекстан мен Қазақстан аумағы арқылы жүріп, Қазақстан-Қытай шекарасынан Қорғас өткізу бекеті арқылы өтеді (Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы, Солтүстік-Батыс Қытай) және Батыс-Шығыс Қытай газ құбырына қосылады. Газ құбырының бірінші желісі 2009 жылы желтоқсанда іске қосылды, сол кезде Түркіменстан Амударияның оң жағалауынан Қытайға газ жеткізе бастады.

Осы құбыр арқылы баратын көмірсутегінің көлемі Қытайда жылына тұтынылатын газдың 15% құрайды. Осылайша, 2020 жылға қарай Қытайдың табиғи газға сұранысы 290-320 миллиард текше метрге дейін артады деген болжамдар орындалды.

Beijing Gas Group директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яланның айтуынша, болашақта газ Қытайдың негізгі энергия көзіне айналады, егер мемлекет көмірді тұтас газбен ауыстырса, тұтыну жылына 700 млрд текше метрге дейін артады.