Алматыда қар көшкінінің астында 7 адам қалып қойды
Алматыда қар көшкінінің астында 7 адам қалып қойды
112
оқылды
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 9 ақпанда кешкі сағат 17-лер шамасында Алматы облысы Панфилов ауданынының таулы аймағында жаңадан салынып жатқан «Шұқырбұлақ-Қазанкөл» жолында 2 қар көшкіні болған. "Газель" көлігі қалың қар астында қалып қойған. Салонында мердігердің осы жолды салуға қатысқан 7 қызметкері болған (олар жұмыстан 19 км жерде орналасқан уақытша базаға баражатқан). Мердігердің құралдарымен оларға дербес көмек көрсетілді. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер жоқ, жол тазартылды", – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті. Оқиға орнына жедел құтқарушылар шақырылмаған. Жағдайды анықтау үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барды.