Аудандық сот төрағасы ұсталды
Аудандық сот төрағасы ұсталды
292
оқылды

Ақтөбе облысында Ырғыз аудандық сотының төрағасы Ерлан Бақытжанды және басқа да мемлекеттік қызметкерлерді күзетілетін аумаққа рұқсатсыз кіргені үшін ұстады, – деп хабарлайды «Диапазон».

«Охотзоопром» қызметкерлері оларды Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылына жақын маңдағы қорық аумағында ұстаған. Облыстық сот өкілдері қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін браконьерлер Қостанай облысында «Тасты» аңшылық шаруашылығының аумағына 2018 жылы жіберілген құланның ұрғашысын өлтіргені айтылды.

https://youtu.be/tA7-mz5SnY0