Батыс Қазақстанда балықты заңсыз аулайтындар көбейген, — деп жазады 24.kz.
Жол талғамайтын көлікті тоқтатып, тексеру кезінде бір тоннадан аса балық тәркіленді.
Бірнеше қапқа сазан, тұқы, шортан және жайын салынған.
Жүргізушінің айтуынша, балық Атырау облысының аумағында ауланған. Алайда, ұсталғандардың балық аулауға рұқсаты болмаған. Қазір өңірде бір айға созылатын «Браконьер» атты жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Еламан Валиев: «Тергеу амалдары жүріп жатыр. Нақты шешім ертең сараптама қорытындысы шыққаннан кейін шығады. Бұл балықтың тамаққа қолдануға болатынын, болмайтынын сараптама шешеді», – дейді.