Дұрыс тамақтану: маман кімдерге ірімшік жеуге болмайтынын айтты
Дұрыс тамақтану: маман кімдерге ірімшік жеуге болмайтынын айтты
195
оқылды
Ірімшік ақуыз, кальций және фосфордың көзі болып саналады. Алайда денсаулыққа кері әсері болмас үшін оны барлық өнімдер сияқты қалыпты мөлшерде тұтыну керек. Мамандардың айтуынша, қаныққан май мөлшері жоғары ірімшіктерге назар аудару қажет. Дұрыс тамақтану жөніндегі маман Тоби Амидор ірімшікті шамадан тыс пайдалану жүрек ауруының қаупін арттыруы мүмкін екенін айтты. Бұл холестерині жоғары немесе жүрек аурулары бар адамдарға қатысты, – деп жазады Профиль. Сонымен қатар ірімшікте қан қысымын жоғарылататын натрий көп. Маман гипертониядан зардап шегетін адамдар бұл өнімді күніне 2 400 мг-ға дейін тұтыну керек екенін айтты. Сонымен қатар бұл топтағы адамдар тұзды ірімшіктерді тамақтану тәрбінен алып тастағаны абзал. Маман ірімшіктің әсерінен адамның салмағы артатынын да атап өтті.