Қайрат Рейімов Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болып тағайындалды.
Қайрат Ниетбайұлы Рейімовті Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының уақытша президенті етіп сайлау туралы шешім бүгін (13 ақпан) Алматы қаласында Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы атқару комитетінің ашық отырысында қабылданды. Отырыста Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы президентінің міндетін атқарушы қызметіне кәсіпкер Реймовтің кандидатурасын Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының құрметті президенті Серік Қонақбаев ұсынды. Кәсіптік бокс федерациясының атқару комитетінің мүшелері бірауыздан дауыс берді.
[caption id="attachment_110936" align="alignnone" width="740"] Фото: ашық дереккөзден[/caption]