Түркістан облысында сотталған журналисті сот ақтап шықты, — деп хабарлайды «Азаттық радиосы».
Дереккөздің жазуынша, «Жала жабу» және «Қорлау» бабымен 2 жыл 3 айға сотталған журналист Амангелді Батырбековтің апелляциялық шағымын қараған Түркістан облыстық соты оны ақтап шықты.
Айта кетейік, былтыр 23 қыркүйекте Сарыағаш аудандық соты Амангелді Батырбековті Қылмыстық кодекстің «Жала жабу» және «Қорлау» бабымен кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырған.
Оның үстінен Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиев арызданған.