Бублик пен Голубев жұптық сында турнирдің көшбасшыларын жеңді
Бублик пен Голубев жұптық сында турнирдің көшбасшыларын жеңді
5,110
оқылды
Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. Қазақстандық жұп екінші айналымда осы турнирдің көшбасшылары, колумбиялықтар Хуан-Себастьян Кабаль – Роберт Фарахпен кездесті. Қазақстандықтар бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бублик пен Голубев екінші сетте де 5:3 есебімен алға шықты. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндіктерін пайдалана білді – 6:4. Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды. Қазақстандық жұп ширек финалға шығу үшін сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландық Матве Мидделкоппен таласады.