Қасым-Жомарт Кемелұлының 1979 жылы сенбілікте түскен суреті жарияланды.
Суретті Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады. «1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын», – деп жазылған мәтінде.