Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Жанбота Алдабергенова халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
135
оқылды
Қазақстандық Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан халықаралық турнир жеңімпазы атанды. Бұл күндері АҚШ-тың Юта парк аймағында фристайл-акробатикадан North American Cup халықаралық додасы өтіп жатыр. Отандасымыз 85.68 нәтижесімен топ жарды. 76.56 көрсеткішімен АҚШ өкілі Тасиа Таннер күміске ие болса, канадалық Юстин Элли қола жүлдені иеленді, – деп жазады  Olympic.kz. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары Ақмарал Қалмұрзаева 6-орыннан көрінсе, Аяна Жолдас 7-ші болды.