«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұқаралық спортқа ерекше тоқталып, салауатты өмір салтын қолдайтынын баса айтады. Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай спорттың бірнеше түрінен көптеген іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Соның бастауы бүгінгі шаңғы фестивалі. Жалпы шаңғы – ең демократиялы және көптеген адамдардың сүйікті спорт түріне жатады. Біздің елімізде шаңғы спорты кәсіби және бұқаралық тұрғыдан да жақсы жолға қойылған. Соның дәлелі бүгінгі фестивальге қатысуға ниет білдірушілердің көптігі. Әсіресе балалардың белсенділігі ерекше қуантады. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді министр.
Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, 1,2,3 және 5 шақырымды бағындырмақ.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отырған шаңғы фестивалінде жеңімпаздарға құрмет грамотасы мен арнайы медаль табыс етіледі.
Фото: Айтжан Мұрзанов