Алматыда автотұрақтарға дифференциалды тариф енгізілуі мүмкін
Алматыда автотұрақтарға дифференциалды тариф енгізілуі мүмкін
196
оқылды

Мұндай өзгеріс заңға енгізілген түзетулерде қарастырылған.

Қалалық билік ақылы автотұрақтар үшін дифференциалды тарифті енгізуі мүмкін. Бұл өзгеріс «Алматының ерекше мәртебесі туралы» заңға енгізілген түзетулерде қарастырылған, – деп хабарлайды zakon.kz.

– Мұндай құзырет бар, ол тарифтің көтерілуімен немесе төмендеуімен еш байланысы жоқ. Тұрақтың құны бір жерлерде өсуі де, бір жерлерде төмендеуі де мүмкін. Бұл заңда дифференциалды тариф туралы ережелер қарастырылған, яғни тұрақ нысаны қаланың қай бөлігінде, қандай аумағында орналасқанына байланысты, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев баспасөз мәслихатында.

Ол қала билігіне дифференциалды тарифті қолдану үшін арнайы ережелер жасалатынын айтты.

Айта кетейік, 2019 жылдың 28 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың дамуына жаңа мүмкіндіктер беретін «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін бірқатар заңға қол қойды.