ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова Қазақстандағы барлық стоматологиялық клиникалардың жоспарлы тексерісі туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Стоматологтар қауымдастығымен бірлесіп, біз барлық стоматологиялық клиникалардың аудитін жүргізетін боламыз, өйткені стоматологиялық қауымдастық президентінің айтуынша, бірқатар клиникалар заңсыз қызметпен айналысады», – деді Л.Ахметниязова елордада өткен брифингте.
Айта кетейік, 26 желтоқсанда екі жасар қыз Нұр-Сұлтандағы жеке стоматологияға барғаннан кейін ес-түссіз күйге түскен. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жағдайды бақылауға алды.