Әлеуметтік желідегі фотолар арқылы 50 онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Әлеуметтік желідегі фотолар арқылы 50 онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
158
оқылды

Оның айтуынша, интернет арқылы пайда табатын алаяқтарды анықтау  үшін 9-11 ақпан аралығында Anti-Fraud іс-шарасы өткізілді.

Үш күнде 300-ден астам қылмыс тіркелді. 289 қылмыс ашылды. Көпшілігі интернет арқылы тауар сату немесе қызмет көрсетуге байланысты. Тауар бағасын өз құнынан төмен бағада сатады. Алаяқтар тауар сатып алушыларға бөтен адамның атына рәсімделген шоттарға төлем жасауды талап етеді. Соңғы кезде микрокредиттік ұйымдарда онлайн қарыздарды заңсыз рәсімдеу жиілеп кетті. Интернет арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін алу да қолжетімді болып кеткен.

«Шымкент тұрғыны әлеуметтік желілерде табылған жеке құжаттар туралы хабарландыруларды іздеген. Жеке куәлік фотосуреттерінен тиісті мәліметтерді алғаннан кейін, әр аймақ тұрғындарының атына 50-ге тарта онлайн несие рәсімдеген. Карантин кезінде көбісі интернет арқылы төлем жасады. Киберқылмыстар саны да көбейді. Былтыр 14 мың болса, ал биыл қаңтар айында 1700-ден астам алаяқтық дерегі тіркелді», – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Бұған дейін онлайн несие проблемасын жазған болатынбыз.