Футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды
Футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды
5,117
оқылды

Бүгін футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды. Биыл аталған доп додасы жаңа форматта өткізіледі.

Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады. Жеребе қорытындысына сай, жартылай финалда қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» кездеседі. Жартылай финалдық кездесулер 2, 3 наурызда өтеді. Ал үшінші орын үшін матч 5 наурыз, финал 6 наурызға жоспарланған. Барлық ойын Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтеді.