Түркістан қаласына орындалатын әуе рейстерінің саны екі есеге азайған
Түркістан қаласына орындалатын әуе рейстерінің саны екі есеге азайған
5,206
оқылды
Түркістан қаласына ұшатын әуе рейстерінің саны екі есеге азайды. Бұл туралы бүгін облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді. Қаңтар айында оннан аса рейс ұшпай қалған. Кейбір жолаушылар билеттерін кері тапсырған. Оған өңірдегі ауа райының тұманды болуы себеп болған. Тұманды күн райының көп болуынан «Қазаэроғарыш» мекемесі бірқатар рейстің ұшуына рұқсат етпеген. Қазіргі таңда Түркістаннан тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына әуе рейстері орындалуда.
– «Qazaq Аir» мен «Scat» ұшақтары бортының толуы 50 пайыз, 42 пайыздың көлемінде. Ал, «Fly Аrystan»-да 92 пайыз, 100 пайыз толады. Сол себептен олар қазір уақытша ұшпай қойды. Қазір тек «Fly Аrystan» ұшып жатыр, – дейді Р.Ибрагимов.