«Әкімшіліктен хат келгеннен кейін...» – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспанасыз қалды
«Әкімшіліктен хат келгеннен кейін...» – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспанасыз қалды
116
оқылды

Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары баспанасыз қалды, – деп жазады 24.kz.

Үй аламын деп жылдап қаражат жинаған 176 салымшы жаңа жылды өз шаңырағында қарсы алуды жоспарлаған.

«Алайда көптен күткен үмітіміз ақталмады. Конкурсы өтіп, құжат жүзінде рәсімделіп қойған баспанамызды жергілікті әкімдік алып қойды. Тіпті оны жергілікті билік әп-сәтте жас мамандарға үлестіріп берген» дейді тұрғындар. Әкімшілік іскерлік орталығы маңында салынып жатқан № 7,8,13 және 14-көпқабатты үйлерді банк салымшылары қазан айынан бері жағалап жүр. Кейбіреуі үйдің бастапқы 20 процент соммасын жинақтау үшін өзге банктерден несие алғандарын айтады.

Сапаркүл Бекет, банк салымшысы:

– Пәтер, қабатымызды таңдадық. Бұл жақпен келісімшартқа отырамыз. Бізге әрі қарай банк айына 70 мыңнан 10 жыл құясыз деп келісімшартқа нақты жауап береді. Желтоқсанда беріледі деп уәде береді. Бізге интернет арқылы ескерту бермейді. Ескертусіз келеді де, келісімшарт бұзылады. 7-8-14 үйлердің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алынған салымшылардың өтініштері алынып тасталады. Ол үйлер жас отбасы жасы 29-30 ға дейінгі жанұяларға беріледі деп әкімдіктен бұйрық келді дейді. Естігенде таң қалдық.

Құдайберген Сейітмамбетов, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалының директоры:

– Барлық мүмкіндікті жасадық. Бірақ әкімшіліктен хат келгеннен кейін...

Ербол Садыр, қала әкімінің орынбасары:

– Қазір үйдің бәрі жастар мен көпбалалы аналарға бағдарламаға сәйкес таратылған. Ол үйлердің барлығын қайтарып беруге ешқандай негіз жоқ. Әкімшілік сондай шешім қабылдаған. Одан кейін екі үй бойынша қаңтар айында жоспарлап отырмыз, яғни 112 пәтерлі екі үйді қаңтар айында бітіріп береміз.