8 заң жобасын әзірлемек
8 заң жобасын әзірлемек
238
оқылды
Мәулен Әшім­баевтың тө­рағалық етуі­мен Сенаттың бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 ақ­панда өтетін Сенаттың ал­дағы отырысының күн тәр­тібін тал­қылады. Сенаторлар «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнама­­­­лық актілеріне нормашы­­­­ғарма­­­­­шы­­­­лықты жетілдіру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­­­­­тырулар енгізу туралы» заң жоба­­­­сын қа­райды. Заң жобасы заңдар­­­дың сапасын арттыруға, норма шығару процесін цифрландыруға және оған жұртшылықты кеңінен тартуға бағытталған. Мәселен, заң жоба­ларын әзірлеудің барлық са­ты­ларында сүйемелдеп отыратын «Е-заңнама» электрондық жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Сенаторлар отырыста со­­­­ны­­мен қатар «Жер қойнауы және жер қой­­­­науын пайдалану туралы» Қа­­­зақ­­стан Республикасының ко­дексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзг­ерістер мен толық­­­тырулар енгізу туралы» заң жо­­­ба­­­сын да талқыға салатын болды. Осы құжатқа сәйкес жер қойнауын пайда­­лану­­шылар жобалау құ­­­жа­т­тарын дайын­­­дау кезінде уран өн­дірудің зар­даптарын жою жо­­­­басын да әзірлеуі тиіс. Одан бас­қа, уран кен орны қор­­лары кө­лемінің өсуі арт­қан жағдайда өңірдің әлеу­меттік-эко­­­но­ми­ка­лық да­­­муы­на қаржы бөлуге де мін­детті бо­лады. Сенаторлар осы сессияда өз­­де­рінің бастамасы бойынша әзір­леуді жоспарлаған 8 заң жобасын да талқылады. Отырыс барысында Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты коми­­­теттерге бөліп берді.