Аза тұту күні жаңажылдық кеш өткізген шенеуніктер жазаланады
Аза тұту күні жаңажылдық кеш өткізген шенеуніктер жазаланады
181
оқылды

Ақмола облысы Ерейментау ауданында Аза тұту күні той тойлаған аудан әкімі Абай Әлжановтың әрекетін тексеруге арнайы комиссия аттанды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Комиссия аудан мен қала әкімінен бастап, сол кеште көңіл көтерген барлық мемлекеттік қызметкерлердің де мәселесін егжей-тегжейлі қарайды.

Ерейментау ауданының шенеуніктері қазір мемлекеттік қызмет істері агенттігінен барған арнайы комиссияға жауап беріп жатыр.

Ақмола облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин: «Қазір қызметтік тексеріс басталды. Ерейментауға арнайы комиссия жіберілді. Комиссия тек аудан әкімін ғана емес, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің де сол қаралы күнгі әрекетін тексереді. Дәлелденген жағдайда, Әдеп кеңесінде қаралып, тиісті жаза қолданылуы керек. Қандай жаза екенін қазір айта алмаймын», – дейді.


Бұған дейін Президент Жарлығымен Аза тұту күнінде жаңажылдық кеш өткізгендер жайлы жазған болатынбыз.