Бұл туралы спортшы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Жарақатқа алаңдап, жанашырлық танытып, тілеулестігін білдіріп жатқан барша жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер өте көпсіздер. Маған сенесіздер. Оны өте жақсы білемін. Қазір елдеміз. Жарақатты емдеуді бастап кеттік. Бел енді бұрынғыдан да мықты болады. Бұл жарақаттың қазір шыққаны дұрыс болды. Чемпиондық жекпе-жек алдында болса қиналып қалар едік. Бізге ненің қайырлы екенін Алла жақсы біледі», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы. Оның айтуынша, ол мамыр айында рингке оралады.