Шешесі баласының қолын байлап, аузын жауып қойған
Шешесі баласының қолын байлап, аузын жауып қойған
191
оқылды

Өз баласының қолын байлап, аузын жауып қойған делінген әйелді тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосын Facebook-та қоғам белсендісі Айгүл Орынбек жариялады.

Видео кадрларынан баланың еденде отырғанын көруге болады. Қолы дәкемен оралған. Аузын шүберекпен жауып тастаған. Ролик авторы баладан «Не қылды, балам?» деп сұрайды. Осы кезде әйелдердің жанжалы естіледі.

«8 қаңтарда Сарыағаш аудандық ПБ-на жергілікті тұрғын хабарласып, азаматтық некедегі бұрынғы әйелінің 2017 жылғы балаға қысым көрсететінін айтқан. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») бойынша тіркелді. Соталды тергеу барысында бұл әрекетке қатысы барлар анықталады», – дейді полицейлер.

Оқиғаның анық-қанығы тергелуде.