Мәскеуден ұшқан жолаушылар ұшағы қауіпті жағдайда Анталияға қонды.
Nordwind әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Түркияның Анталия қаласының әуежайына қатты келіп қонды. Лайнер Мәскеудің Шереметьево әуежайынан ұшып шыққан.
БАҚ-тың хабарлауынша, бортта түтін пайда болды – ұшақ тек үшінші әрекеттен кейін барып қонған. Әуе кемесі ұшу-қону жолағына қатты келіп қонғандықтан алдыңғы қону қондырғысы фюзеляжды тесіп ұшақтың салонына кірген.
РИА Новости Ресейдің Анталиядағы бас консулдығының мәліметіне сүйеніп, ұшақта жолаушылар болмағанын хабарлады. Апатты жағдайда қону оқиғасынан экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.
Ақпарат құралдарында жарияланған фотосуреттерде лайнердің төменгі бөлігі қисайғаны, ал салонның едені салонға тесілгенікөрінеді.
Түркияның Kokpit Aero порталының хабарлауынша, ұшақ тек үшінші рет талпыныс жасап барып қонған. Оқиға салдарынан әуежайдың ұшу-қону жолағы жабылды.