Канелоның келесі қарсыласы аталды – БАҚ
Канелоның келесі қарсыласы аталды – БАҚ
186
оқылды

Бұл жекпе-жектің өтетін уақыты да белгілі

«Жұлдызды мексикалық Сауль Альварестің "Канело" жекпе - жегі 2 мамыр күні дәстүрлі түрде өз елінің басты мерекелерінің бірі-Синко де Майо мерекесі қарсаңында Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді», – деп хабарлайды Vesti.kz. BoxingNews24 ақпараты бойынша келесі аптада Канелоның қарсыласы жарияланатын болады. Ол жеңілмеген британдық экс-орта салмақтағы (76,2 келіге дейін) WBO титулына ие Билли Джо Сондерс болмақ. Жекпе-жек 76,2 келіге дейін салмақ дәрежесінде титулдарды біріктіреді деп санауға болады. Өйткені, Альварес екінші дәрежелі WBA Regular атағына ие.

Андеркартағы маңызды жекпе-жек ретінде жеңіл салмақтағы болашағынан зор үміт күттіретін америкалық Райан Гарсия мен венесуэлалық Хорхе Линарестің үш салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионының айқасы болуы мүмкін. Бұл Golden Boy Promotions компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя таратқан ақпарат. Ол үшін Гарсия мен Линарес 14 ақпан күні Анахаймда (АҚШ) өтетін бокс кешінде жеңіске жетуі тиіс. Райан Никарагуандық Франсиско Фонсекамен кездеседі, ал Хорхенің қарсыласы әлі анықталған жоқ.