Күдіктілер жат діни ағымның өкілдері екені анықталған.
«ҚР ҰҚК өңірлік департаментінің қызметкерлері адам ұрлау және кейіннен ірі мөлшерде ақша бопсалау бойынша күдікті Ақтау мен Жаңаөзеннің екі тұрғынын құрықтады», – деп хабарлайды mangystaumedia.kz ескерту.
Ведомство қызметкерлері күдіктілердің "салафизм" деструктивті діни ағымының жетегінде жүргенін анықтаған. Олардың пәтерлерінен экстремистік сипаттағы материалдар мен қару-жарақ табылды және тәркіленді.
"Күдіктілер қылмыстарын қазірдің өзінде мойындады. Оларға қатысты ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 4-тармақтары және 8-тармағы (Адам ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады облыстық ҰҚКД.