Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ауыл өмірін әнге қосты
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ауыл өмірін әнге қосты
«Оригиналсың» әнімен танымал болған әнші Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікке қой бағып жүрген сәтін көрсетті. Өнер иесі өзінің туған жері Түркістан облысында уақыт өткізіп жатыр. Ауылға барып, табиғат аясында таза ауамен тыныстаған өнерпаз ауылдың рахат екенін айтады. Атқа мініп, қой баққан ол ауыл өмірінің әдемі көрінісін әнге қосады. Видеода еліміздің оңтүстік өңірінде күн жылынып, мал көк майсаға шыққаны көрсетілген. https://www.youtube.com/watch?v=fUdNvN9EZZg&feature=youtu.be