"Канело" мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі өтетін уақыт жарияланды
"Канело" мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі өтетін уақыт жарияланды
140
оқылды

Аты аңызға айналған спортшылардың үшінші жекпе-жегі күзде өтуі мүмкін.

Белгілі американдық инсайдер The Athletic Майк Коппинджер бір жанкүйердің Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы трилогия туралы сұрағына жауап берді.

- Головкиннің үшінші жекпе-жегін "Канело"көреміз бе?

— Мен бұл жекпе-жек боларына үміттімін. Мүмкін, күзде болып қалар.

Бұған дейін промоутер Эдди Хирн қыркүйекте үшінші кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жекпе-жек төрешілердің даулы шешімімен тең аяқталып, екінші кездесуде Альварес қазылардың көпшілік дауысымен жеңіске жеткен еді.