Үш облыста дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста дауылды ескерту жарияланды
5,092
оқылды

Алдағы тәуліктерде ел аумағында ауа-райы құбылмалы болмақ.

12 қаңтарда Қызылорда облысында тұман түсіп, түнде кей жерлерде көктайғақ болады. Қостанай облысында синоптиктердің мәліметтері бойынша тұман түседі. Түркістан облысында тауларда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 метр секундына жетеді. Еліміздің басқа өңірлеріне келетін болсақ, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Атырау облысында күндіз боран соғып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында секундына 23 метрге дейін жел күшейеді,түнде кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі.