Оқиғаның мән-жайын баланың анасы айтып берген.
Қорқынышты бейне Қазақстанның оңтүстігіндегі Дербісек ауылында түсірілген. Видеодан бұрынғы ерлі-зайыптылар балаларын бөлісе алмайжатқанын көруге болады.
Дана Жураева мен Болат Есботаев төрт жыл некеде тұрып, екі бала сүйген. Ажырасқандарына бір жыл болған.
Әйелдің айтуынша, оның бұрынғы күйеуі алимент төлемеу үшін құйтырқы әрекетке барған. Баланы өзі байлап, ал бейнеге баланы анасы байлағанын айтып, оны ата-ана құқығынан айыруға үміттенгенін Дана "Астана"телеарнасына айтып берген.
Оның сөздерін баланың тәтесі де растады.
Әйел баланың әкесі екі туысын ертіп келген кезде әпкесімен бірге үйде болғанын айтты. Олар Дана мен әпкесін пышақпен қорқыта отырып бөлмеден шығарып жіберген соң ер адам баланы бейнеге түсіре бастаған.Дананың әпкесі Жұлдыз балаға бандажды оның бауыры ойнап жүріп кигізгенін, ал аузын әкесінің өзі байлағанын да айтып берді.
Сондай-ақ, Дана бұрынғы жұбайы балаларын алып кетуге тырысып жүргені алғашқы рет емес екенін, бұл жағдай бұрын да болғанын мәлімдеді.
Ер адам алимент төлеуден бас тартатынын жоққа шығармайды. Бірақ оның айтуынша, бұны бұрынғы әйелі оған балаларымен көрісуге мүмкіндік бермегені үшін істеп жүр екен. Ол сондай-ақ, әйел балаларға нашар қарайтынын, бұған дейін ол оларды гаражда қамап кеткенін, ол жерден өзі алып шыққанын да айтты.
Бағлан, сондай-ақ оның әйелі айтқандай бейненің әдейі түсірілгенін жоққа шығарды. Ол бөлмесіне кіргенде баланың байлаулы отырғанын көріп, оның бұрынғы зайыбының қандай анасын көрсету үшін түсіре бастағанын хабарлады.
Енді бұл отбасылық жанжалмен полиция айналысатын болады. Құқық қорғау органдары ата-ана міндеттерін орындамау бабы бойынша тергеуді бастады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, баланың денесінде ұрып-соғу немесе басқа да зақымдану іздері жоқ, ал баланың анасы ешқашан есепте тұрмаған.