Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдың 1 наурызынан беріле бастайды
Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдың 1 наурызынан беріле бастайды
165
оқылды

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі 1 наурыздан бастап берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді. 

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгісінде айтарлықтай өзгерістер болған. 

Атап айтқанда, былтыр қараша айында жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап берілетіні жарияланған еді. Алайда жақында ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бұйрығы әзірленіп, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін беру мерзімі 2020 жылдың 1 наурызына дейін уақытша тоқтатылған. 

Қазіргі уақытта ескі үлгідегі жүргізуші куәліктері беріліп жатыр. Тоқтату тұру туралы бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік назарына ұсынылған. Онда қоғамдық талқылаудың мерзімі 22 қаңтарға дейін белгіленген.