Азамат ломбардқа көлігіні кепілге қойып 5 миллион теңгеден астам ақша алып, машинамен бірге қашып кеткен.
Павлодар полициясына ломбард өкілі 2019 жылдың қазан айында ломбардтан 5 миллион теңгеден астам ақшаны көлігін кепілге қою арқылы алып, қайтармаған қала тұрғынын іздестіруді өтінген арыз түскен.
«32 жасар павлодарлық ломбардтан Infiniti Qx 80 маркалы өз автокөлігінің кепілімен қысқа мерзімді қарыз ресімдейді. Азаматтың айтуы бойынша, Ресей Федерациясының Новосибирск қаласына жұмыстарымен барғанда автокөлік сынған. Сондықтан ол автокөлікті Новосібірдегі ТҚС - на тастап, өзі Павлодарға таксимен қайтуына тура келеді», - деп атап өтті полиция.
Полицейлер тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу амалдарын бастаған.
«Бұған дейін ер адам бірнеше рет автокөлік қойып, қарызын мерзімінде қайтарған. Сондықтан ломбард қызметкерлері одан күдіктенбеген», – деп атап өтті баспасөз қызметі.